Бірінші президентің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсініктеме берді.
Бірінші президенттің баспасөз хатшысының сөзінше, Сара Назарбаева сәуірден бері Алматыдағы президент істері басқармасына қарасты ұлттық медицина орталығында (совминка) емделіп жатыр.
“Барлық медицина шаралары медициналық көмек көрсету стандартына сәйкес отандық мамандардың бақылауымен жүргізіліп жатыр” деп жазды Үкібай.
Ол кейінгі кезде кейбір БАҚ пен әлеуметтік желіде Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты жалған деректер жарияланып жатқанын алға тартып, тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.
Жуырда бірқатар БАҚ дереккөзге сүйеніп, жақындары Сара Назарбаеваны емдету үшін Швейцарияға алып кеткенін жазған еді.
Биыл мамырда қазақстандық сайттар 84 жастағы Сара Назарбаеваның ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін жазған еді. Кейін басылымдарда Назарбаеваның қайтыс болғаны жайлы ақпарат тарап, бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.
Сара Назарбаева күйеуі президент қызметінде болған кезеңнің кейінгі жылдарында ел алдына көп шықпай кеткен. Ол күйеуімен бірге шетелдік сапарларға барған жоқ, ресми шараларда да бой көрсетпеді.
Monday 20 October 2025
azattyq - 3 days ago
Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсініктеме берді


Сколько денег тратится на поддержку тарифов на проезд в автобусах Алматы, рассказал эксперт
- nur.kz
Королева кочевников : Сабина Алтынбекова порассуждала о нравственности в образе степной красавицы
- nur.kz
Совершил аварийную посадку: ЧП с азербайджанским самолетом произошло в аэропорту Санкт-Петербурга
- nur.kz
«Нам нужно стать чемпионами уже в этом году». Бомбардир «Астаны» озвучил настрой на «Кайрат»
- sports
С 26 октября казахстанцам разрешат ввозить только один автомобиль в год для личного пользования
- lada
Сколько будут стоить услуги нотариуса с 1 января 2026 года в Казахстане: опубликован полный перечень
- lada⁞

Синоптики объявили штормовое предупреждение по Казахстану: в каких регионах ожидают заморозки
- nur.kz
Остановить Путина разговорами не получится : Зеленский призвал Европу и США усилить давление на Россию
- nur.kz
Знаменитый музей Лувр во Франции ограбили с помощью бензопилы: похищены драгоценности Наполеона
- nur.kz
Дрон шабуылынан кейін Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды уақытша тоқтатты
- azattyq