Астана ресейлік Лукойл мұнай компаниясының Қазақстандағы сатып алуды әзірге қарастырып отырған жоқ. Бұл туралы энергетика вице-министрі Санжар Жаркешевке сілтеп Vlast.kz басылымы хабарлады.
Бірақ Жаркешов бұл мәселе талқыланып жатқанын, алда осы жөнінде жаңалық шығып қалуы мүмкін екенін айтты. Шенеуніктің сөзінше, талқыға сыртқы істер министрлігі де қосылған, өйткені Лукойлдың шетелдегі активтерін сату мәселесі халықаралық санкциялардан туып отыр.
Самұрық-Қазына қорының басшысы Нұрлан Жақыпов халықаралық консультанттар көмегіне жүгініп, ҚазМұнайГаз үшін бірнеше сценарий әзірлеп жатқанын айтты.
– Бір жағынан, Лукойл Қазақстан үшін, ҚазМұнайГаз үшін сенімді серіктес болды. Екінші жағынан, біз заңға және жарияланған санкциялық шараларға сай жұмыс істейтін әділ корпоративті азаматпыз. Сол себепті біз жақын арада бұл бағытта санкциялық шектеулерді ескере отырып қалай жұмыс істейтінімізді анықтаймыз, – деді Жақыпов.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл мәселе әзірге үкімет деңгейінде талқыланып жатпағанын айтты. Оның сөзінше, санкциялардың экономикаға және компанияға әсері әрі талданып жатыр, нәтижесі аптаның аяғына дейін шығып қалуы керек.
Лукойл меншігінде штаб-пәтері Женевада орналасқан трейдер, Румыния мен Болгариядағы мұнай өңдеу зауыттары және Нидерландыдағы мұнай өңдеу зауытының үлесі бар. Сондай-ақ, компания Ресейден бөлек Еуроодақ, Грузия, Балқан елдерін қамтитын 2,5 мың жанармай бекетінен тұратын желіге иелік етеді. Сонымен қатар Лукойл активіне Ирактағы газды барлау және өңдеумен айналысатын мекеме кіреді. Бұдан бөлек, ресейлік мұнай компаниясы Қазақстан, Өзбекстан, Конго және Мексика елдерінде өндіру жобаларына қатысады.
Лукойл сайтындағы ақпаратқа қарағанда, компания Қазақстандағы Теңізшевройл жобасының 5 пайызына, Қарашығанақтың 13,5 пайызына, Құмкөлдің 50 пайызына, Каспий құбыр консорциумының 12,5 пайызына иелік етеді.
Wednesday 29 October 2025
azattyq - 21 hours ago
Энергетика министрлігі: Лукойл активтеріне сатып алу жоспарда жоқ, бірақ талқы жүріп жатыр
Этнические казахи массово возвращаются на историческую родину: стали известны данные за 2025 год
- nur.kz«Не одобрял такой бой». Раскрыты подробности поединка Шавката Рахмонова с топовым соперником в UFC
- sportsПереплаты за соседей не будет: Минпром рассказал о новых правилах расчета воды в Казахстане
- nur.kz148 потерпевших, ущерб - 1 млрд: суд поставил точку в громком деле о финансовой пирамиде Nazira Gold
- nur.kzЖол апатынан 12 адам көз жұмды: Ақтөбедегі науқас ем қабылдау үшін Астанаға жеткізілді
- sputniknewsМуж пациентки стал пинать и кусать : избитая медсестра из Караганды сделала первое заявление
- nur.kzКурьеры-мошенники приходят домой к казахстанцам: как работает схема обмана, объяснил эксперт
- nur.kzПереносчик гепатита С и COVID-19 : зараженные обезьяны оказались на свободе после ДТП в США
- nur.kzИзраиль нанес удары по Газе. До этого он обвинил ХАМАС в нарушении перемирия и обмане по поводу останков заложников
- nur.kzМонгольский национальный авиаперевозчик начнет прямые рейсы между Сингапуром и Улан-Батором с 4 ноября
- ca-newsПосольство Монголии провело в Праге культурное мероприятие, демонстрирующее национальное искусство
- ca-newsВьетнамские хирурги провели операцию по восстановлению ахиллова сухожилия монгольскому офицеру в Ю.Судане
- ca-newsИнтеллектуальное обучение может ускорить глобальные усилия по профилактике рака шейки матки
- ca-newsВице-спикер парламента Булгантуяа может быть лишена мандата по инициативе фракции Демпартии
- ca-newsКакое место занимает Казахстан в медальном зачете по итогам десятого дня юношеской Азиады-2025
- sportsHashtags:
Энергетика
|министрлігі
|Лукойл
|активтеріне
|сатып
|жоспарда
|бірақ
|талқы
|жүріп
|жатыр
|⁞
