Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 29 қазанда АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша өкілі Серджио Гормен және АҚШ мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландаумен кездесті.
Трампың өкілі мен мемхатшы Марко Рубионың орынбасары Астанаға алда Вашингтонда өтетін С5+1 саммиті қарсаңында келді. Орталық Азия елдері басшылары мен Трамп қатысатын саммит 6 қарашада болады.
Ақорданың хабарлауынша, Астанадағы кездесуде АҚШ пен Қазақстанның стратегиялық серіктестігін дамыту перспективаcы, энергетика, бағалы минералдар, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы серіктестіктің мүмкіндіктері талқыланған.
Астана АҚШ-пен сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікке тың серпін беруге мүдделі екенін мәлімдеген.
Ал Серджио Гор АҚШ сыртқы саясатында Орталық Азияның стратегиялық маңызын растап, С5+1 екіжақты ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтереді деген.
Тоқаев жаһандық үдерістердегі Орталық Азияның рөлі артып келе жатқанына тоқталып, аймақ елдері бұрын-соңды болмаған бірліктің үлгісін, тату көршілік пен ортақ прогреске деген ұмытылысын көрсетіп отыр деді.
АҚШ үкіметі Орталық Азиядағы бес елмен жан-жақты ынтымақтастықты нығайту үшін C5+1 платформасын 2015 жылы құрған. С5+1 форматы деп те аталатын саммит 2023 жылы Нью-Йоркте Біріккен ұлттар ұйымы Бас ассамблеясының жиыны кезінде өткен. Оны АҚШ-тың сол кездегі президенті Джо Байден ұйымдастырған.Өткен аптада АҚШ мемлекеттік департаменті АҚШ Орталық Азиядағы әріптестерімізбен байланысты нығайту және сауд қатынасын кеңейту үшін жұмыс істеуді жалғастыра береді. Біз ынтымақтастығымызды кеңейтуді және АҚШ-Орталық Азия қатынастарының 10 жылдығын C5+1 дипломатиялық платформасы аясында атап өтуді асыға күтеміз деп мәлімдеген.Жақында АҚШ конгресі мүшелері президент Дональд Трампты биыл Орталық Азия елдерінің басшыларымен саммит өткізуге шақырған. Конгресс өкілдері бұл бастама АҚШ-тың аймақтағы стратегиялық мақсаттарын — қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, экономикалық байланыстарды, жұмсақ күшті және тиімді басқаруды ілгерілетуге бағытталуы керек деген.
Thursday 30 October 2025
azattyq - 18 hours ago
Тоқаев Трамптың өкілімен кездесіп, АҚШ-пен қарым-қатынасты талқылады
В результате урагана «Мелисса» — одного из сильнейших в истории — погибли около 50 человек
- ca-newsНедостуное жилье: как льготная ипотека привела к росту цен на квартиры в Казахстане, рассказал эксперт
- nur.kzМонгольские юные боксёршы и девушка-боец ММА взяли медалей на юношеских III Азиатских играх-2025
- ca-newsKhan Bank стал первой монгольской компанией, включенной в индекс FTSE Russell Лондонской фондовой биржи
- ca-news«Америка проиграет». Чего ждут от первой за шесть лет встречи двух главных мировых лидеров — Дональда Трампа и Си Цзиньпина
- nur.kzАлимханулы против Лары уже официально! Победа позволит Жанибеку превзойти Геннадия Головкина и получить бой с лучшим боксером мира
- sportsКаждый казахстанец сможет получать пожизненную пенсию: ЕНПФ раскрывает новую идею модели «4+1»
- ladaВ Казахстане хотят ввести запрет на 5 лет на продажу жилья, купленного на пенсионные накопления
- ladaВ Казахстане с 1 ноября вступает в силу новая методика расчета воды: кто и за что будет платить
- ladaСдача жилья в Казахстане по-новому: сколько теперь будут платить владельцы квартир и арендаторы
- ladaКазахстан решил вопрос дефицита топлива, договорившись о беспошлинных поставках из России до 2028 года
- lada