Астанада орталықты Қосшы қаласымен және ескі вокзалмен жалғайтын жеңіл рельсті көлік (LRT) жолағы салынады. Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбекке сілтеп Tengrinews.kz сайты хабарлады.
 Қосшы ұлғайып жатыр. Бұл – Астанаға түсетін жүкті азайтып, оған көмектесіп отырған үлкен спутник қала. Сол себепті Қосшыдан қалаға белсенді қозғалыс бар, келесі кезеңде осы бағытта саламыз  деп келтірді басылым әкімнің сөзін.
Жеңіс Қасымбектің сөзінше, LRT жобасының екінші кезеңінде қала орталығын ескі вокзалмен жалғайтын жолақ та салынбақ. Ол жолақ Сығанақ көшесінен басталып, Тұран көшесі арқылы ескі вокзалға жол тартады. Қосшы бағытындағы жолақтың алғашқы бөлігі бір жарым жыл ішінде аяқталады деп жоспарланып отыр. Бұл бағыттың кей жерлерінде аспалы жолақ төмен түсіп, жер бетімен өтпек.
 Бүгінде Қосшыдан қалаға күн сайын 50 мың адам келеді. Әсіресе таңғы 8:00 уақытында. Бұл Тұран, Қабанбай батыр және Мәңгілік Ел көшелерінде үлкен салмақ түсіріп отыр  деді әкім.
Астана басшысының сөзінше, жоба қаражаты қарызға алынуы мүмкін.
Қазақстанда LRT салу жоспары 2008 жылы мәлімделген. Бірақ одан кейінгі жылдары жобаны жүзеге асыру қымбатқа шығатыны ескеріліп, билік бұл идеядан бас тартқан. 2010 жылдардың ортасында жобаға қайтадан жан бітіп, Қазақстан Қытай даму банкінен 1,6 млрд доллар қарыз алды. Ол кезде ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Астана әкімінің орынбасары болатын. Бірақ бұл жобаның аяғы жемқорлық дауына ұласып, Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан шетелге қашты. 2024 жылы Қазақстан соты оны сырттай 9 жылға соттады. Биыл мамырда Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Талғат Ардан Түркияда ұсталғанын, оның Қазақстанға экстрадицияланатынын айтқан.
Осылайша LRT қадалары ел арасында  жемқорлық ескерткіші  деп аталып кетті.
Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы президент қызметіне кіріскен LRT жобасын аяқтауға басымдық берген. Биыл LRT құрылысы аяқталып, сынақтан өтіп жатыр, келесі жылдан бастап қызмет ете бастайды.
				Friday 31 October 2025			
						
		azattyq - 2 days ago 
Астана әкімі: Қосшы мен ескі вокзал бағытында LRT жолағы салынады
 Latest News
 Latest News 
 В Узбекистане честно назвали победителя противостояния с Казахстаном в боксе на Азиаде-2025
- sports 
 Хотела помочь семье: в Актау мать 10 детей наказали за то, что ее 17-летняя дочь пошла работать
- lada 
 По улыбке можно вычислить высокий риск внезапной смерти — сенсационное исследование китайских ученых
- lada 
 Отсутствие детского QR-кода для оплаты проезда в автобусах вызвало недовольство жителей Актау
- lada 
 Наши спортсмены среди лучших в тюркском мире: Казахстан завоевал 13 медалей в турнире по бочча в Актау
- lada 
 WhatsApp наконец-то «переехал» на запястье: владельцы Apple Watch получат долгожданное приложение
- lada 
 Курс доллара в Казахстане пробьет отметку в 600 тенге — Halyk Finance раскрыл, что случится в 2026 году
- lada 
 «Морда не подходит» для получения ЭЦП — что случилось с электронным правительством в Казахстане
- lada 
 COVID покажется детским лепетом: врач предупредил о реально опасном вирусе — умирает каждый десятый
- lada 
 36-летний руководитель отдела акимата в Атырауской области покончил с собой — причины выясняются
- lada 
 Не признала жениха : девушка, похищение которой попало на видео в Таразе, прервала молчание
- nur.kz
Каждый казахстанец сможет получать пожизненную пенсию: ЕНПФ раскрывает новую идею модели «4+1»
- lada
В Казахстане с 1 ноября вступает в силу новая методика расчета воды: кто и за что будет платить
- lada
Казахстан решил вопрос дефицита топлива, договорившись о беспошлинных поставках из России до 2028 года
- lada
Сдача жилья в Казахстане по-новому: сколько теперь будут платить владельцы квартир и арендаторы
- lada 
 Интерпол Клооптың негізін қалаушылардың бірін тұтқындау туралы Бішкектің өтінішін қабылдамады
- azattyq 
 Как фанатка я была обязана : студентка из Китая приехала учиться в Астану из-за Димаша Кудайбергена
- nur.kz Sources
 Sources