Friday 31 October 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 20 hours ago

Трамп пен Си Цзиньпин сауда соғысын бәсеңдетіп , Украина бойынша бірге жұмыс істеуге келісті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай жетекшісі Си Цзиньпин Оңтүстік Кореяда кездесіп, Украинадағы соғысты талқылады және Пекинге де, Вашингтонға да ауыр соққы болған екіжақты «сауда соғысын» сәл бәсеңдетуге келісті. Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен келіссөз бір жарым сағатқа созылды. 30 қазанда өткен кездесуден кейін Air Force One бортында сөйлеген Трамп Си Цзиньпинмен «тамаша кездесу» өткізгенін және олар «көптеген маңызды мәселе» бойынша, соның ішінде сауда, тарифтер және сирек металдар жөнінде келісімге келгенін айтты. Ол Қытай тауарларына тарифті 10 пайызға төмендететінін, ал Қытай Америкадан соя бұршағын «үлкен көлемде» қайта сатып ала бастайтынын айтты. Жыл басында АҚШ Қытайға үлкен тарифтер енгізген соң Қытай Америка соясын сатып алуды тоқтатқан еді. Вашингтон Пекинді аса қауіпті есірткі – фентанилге қажет шикізатты көп жөнелтіп отыр деп айыптап, соны сылтау етіп, ол елден келетін тауарларға үлкен тариф енгізген еді. Трамп сондай-ақ Қытай басшысымен сирек металдарды сатуға қойылған шектеуді алып тастау туралы да келісім жасалғанын мәлімдеді. Пекин Вашингтон әрекеттеріне қарымта ретінде автокөлік, ұшақ және қару-жарақ өндірісінде қолданылатын маңызды 17 элементті АҚШ-қа сатуға сәуір айында шектеу қойған. АҚШ-тың сауда өкілі Джеймисон Гриер президенттер арасындағы келісім нәтижесінде қазан айында іске қосылады деген сирек металдар саудасын қатаң бақылау шарасы енгізілмейтін болды деді. Алайда сәуірден күшінде тұрған шектеулер алып тастала ма, ол жағы нақты айтылмады. «Сирек металдар мәселесі толық шешілді, және бұл бүкіл әлем үшін [жақсы жаңалық]. Бұл тек АҚШ емес, әлемдік мәселе болды. Енді Қытайдан ешқандай бөгет жоқ» деді Трамп журналистерге. Трамп Ресейдің Украинаға шабуылы мәселесін де талқылағанын, бұл мәселе бойынша Си Цзиньпинмен «бірлесіп жұмыс істеуге» келіскенін айтты. «Біз екі тарап тұйыққа тіреліп тұрғанын мойындаймыз, кейде олардың соғысуына мүмкіндік те беру керек шығар. Бірақ біз Украина бойынша бірлесіп жұмыс істейміз» деді ол. Қытайдың мемлекеттік медиасы таратқан мәлімдемеде төраға Си Цзиньпин екі жақ «негізгі сауда мәселелерін» шешу бойынша ортақ келісімге келгенін және тараптар екі ел экономикасына «дем беретіндей» нәтижеге қол жеткізу үшін жұмысын жалғастыратынын айтқан. «Қытай мен АҚШ бірлесе отырып ірі державаға лайық жауапкершілікті паш ете алады, екі ел және әлем үшін маңызды, нақты және пайдалы бастамаларды бірлесе жүзеге асырады» деп мәлімдеді Си Цзиньпин. Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы Гимхе халықаралық әуежайында өткен кездесу алдағы айларда ауқымды диалогқа жол ашқандай. Трамп келесі жылы сәуірде Қытайға баруды жоспарлап отырғанын және жақын арада алдын ала сауда келісімі жасалуы мүмкін екенін айтты.


Latest News
Hashtags:   

Трамп

 | 

Цзиньпин

 | 

сауда

 | 

соғысын

 | 

бәсеңдетіп

 | 

Украина

 | 

бойынша

 | 

бірге

 | 

жұмыс

 | 

істеуге

 | 

келісті

 | 

Sources