Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында Талибан радикалды тобы мен пәкістандық сарбаздар арасында қарулы қақтығыс болды. Бұл жөнінде 11 қазанда кешке Ауғанстанның бірнеше провинциясындағы жоғары лауазымды шенеуніктерге сүйенген AFP агенттігі хабарлады. Екі күн бұрын тәліптер Исламабадты ауған террориясына әуеден соққы жасады деп айыптаған.
Пәкістандық дереккөздердің айтуынша, 11 қазанда кешке ауған әскері Пәкістан-Ауғанстан шекарасында бірнеше орынды атқылаған. BBC-дің жазуынша, атыс болған аумақтар арасында Ангур-Ада, Баджаур, Куррам, Дир, Читрал және Бахрамча да бар.
Талибан үкіметі бірнеше таулы ауданда Пәкістан әскеріне соққы жасағанын растады. Қаза болғандар саны белгісіз. Талибан мұны қарымта операция деп атады. Ауғанстан жағының айтуынша, бірнеше күн бұрын Пәкістан ауған әуе кеңістігін бұзып, бейсенбі күні Кабулдағы базарға екі соққы жасаған .
Пәкістанның ішкі істер министрі Мохсин Накви ауғандарды бейбіт халыққа оқ атты деп айыптады. Ақпарат құралдарының жазуынша, Пәкістан жағы ауыр артиллерия, танк, дрондармен жауап берген деп айтылады. Әуеге жойғыш ұшақтар да көтерілген.
Пәкістан Ауғанстанды елге шабуылдаған лаңкестерді қорғап отыр деп айыптайды. Талибан мұны жоққа шығарады.
Иран мен Сауд Арабиясы тараптарды сабырлылыққа, жағдайдың ушығуына жол бермеуге шақырды. Катар да Пәкістан-Ауғанстан шекарасындағы жағдайдың ушығуына алаңдап, екі жақты диалогқа, дипломатияға басымдық беруге үндеді.
Ауғанстанның сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттакидің Үндістанға сапары аясында тараптар арасындағы жағдай ушыққан.
Ауғанстан мен Үндістан арасындағы қарым-қатынас жақсарған шақта Делиде Кабулда Үндістанның елшілігін қайта ашу жоспары айтылған. Ол төрт жыл бұрын Талибан билікке оралған шақта жабылып қалған еді.
Wednesday 15 October 2025
azattyq - 3 days ago
Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында тағы қақтығыс болды


Не имеют никакого отношения к казахстанской реальности : депутат о 500 тенге за проезд в автобусе
- nur.kz
ХАМАС вернул тела еще четырех погибших израильских заложников. Трамп объявил о начале второго этапа мирного урегулирования в секторе Газа
- ca-news
Мы погрязли в долгах : воспитатели детского сада заявили, что с августа не получают зарплату в Атырау
- nur.kz
Монголия и Индия заключили 10 соглашений, отношения перешли на уровень стратегического партнерства
- ca-news
Трамп потребовал от ХАМАС вернуть тела всех погибших заложников. Боевики вернули тела еще четырех израильтян
- nur.kz
Система раннего предупреждения о стихийных бедствиях и климатических изменениях Китая сотрудничает с Монголией
- ca-news⁞

Куда уходят миллиарды: в Актау обсудили освоение бюджета на озеленение и городскую инфраструктуру
- lada
Песня о главном: Нурдаулет Килыбай обсудит с чиновниками вопросы поставки автогаза в прямом эфире
- lada
«Мы не можем так действовать, так нельзя». Тайс Томпсон объяснил, почему проигрывает «Барыс»
- sports
«Такая сборная Казахстана способна шокировать и бельгийцев». В Северной Македонии в восторге от сенсации в Скопье
- sports
В полиции прокомментировали пост о групповом изнасиловании девочки-сироты в Алматинской области
- nur.kz
Военные заявили о захвате власти на Мадагаскаре. В администрации президента утверждают, что он остается на посту
- nur.kz
«Хорошие моменты разбазариваем». Самат Данияр рассказал о своей шайбе и шестом подряд поражении «Барыса»
- sports
До 7 лет колонии либо штраф в 12 миллионов может получить карагандинка за комментарий в интернете
- ktk.kz
«Важным фактором становится компетентность будущего депутатского корпуса» – Касым-Жомарт Токаев
- ktk.kz
«Давайте подождём, посмотрим» – Азамат Амрин о предложении убрать алкоголь из обычных магазинов
- ktk.kz