Wednesday 15 October 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 19 hours ago

Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды

Әділет Қожанбаев Семей қаласының әкімі болып сайланды. Бұл жөнінде аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады. Семейде қала әкімін сайлау 12 қазанда өткен. Қазақстанда облыс орталығының басшысы алғаш рет сайланып отыр. Қазақстанда облыс әкімдерін президент тағайындайды. Сайлауға төрт кандидат тіркелген: Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі Әділет Қожанбаев, қалалық мәслихаттың бұрынғы басшысы Айболат Бекжасаров, қалалық мәслихаттың депутаты Қанат Шапатов және геодезия, картография және құрылыс жоғарғы колледжінің директоры Қаныш Төлеуов. Бұған дейін кейбір азаматтардың үміткер ретінде тіркеле алмағаны хабарланған. Ресми мәлімет бойынша, Қожанбаевқа 89 441 адам дауыс берген. Төлеуов - 12 557, Бекжасаров - 9 763 дауыс алған. Әділет Қожанбаев 1980 жылы 1 қаңтарда Көкпекті ауданында дүниеге келген. Негізгі мамандығы – есепші және заңгер. Әр жылдары банк саласында, Қазақтелекомда түрлі қызмет атқарған. 2024 жылдың тамызынан бері Көкпекті ауданының әкімі болған.


Latest News
Hashtags:   

Әділет

 | 

Қожанбаев

 | 

Семей

 | 

қаласының

 | 

әкімі

 | 

болып

 | 

сайланды

 | 

Sources