Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен телефонмен сөйлесті. Әлеуметтік желіде Зеленский телефон әңгіменің жақсы және өте өнімді болғанын хабарлады. Оның сөзінше, әңгіме барысында Украинаға әуе қорғаныс жүйесін тасымалдау мәселесі де талқыланған.
Президент Трампты табысымен және Таяу Шығыстағы келісімге қол жеткізуімен құттықтадым, бұл күшті нәтиже. Егер сол аймақтағы соғысты тоқтата алса, онда басқа соғыстарды, соның ішінде осы Ресей соғысын да тоқтатуға болады , - деп жазды Зеленский Газа секторындағы атысты тоқтату туралы кеше күшіне енген келісімге сүйеніп.
Зеленский сонымен бірге Трампқа Ресей әскері Украинаның энергетика нысандарына тағы соққы жасағанын айтқан.
Бізді қолдауға дайындық білдіргеніңізге ризамын. Украинаның әуе қорғанысын нығайту мүмкіндіктерін және осыған байланысты дайындап жатқан келісімдерді талқыладық. Жақсы ұсыныстар, күшті идеялар бар деді Украина президенті.
Axios басылымы Ақ үйдегі дереккөздерге сүйене отырып, Трамп пен Зеленский Украинаға алысқа ұшатын Томагавк ракеталарын беру мәселесін талқылағанын жазды. Осы аптада Трамп 1,5 мың шақырымнан астам қашықтыққа ұшатын ракетаны тасымалдау туралы шешімді қабылдағанын, бірақ әзірге шешілмеген бірқатар мәселелер қалғанын айтқан. Axios дереккөзі түбегейлі шешім қабылданғанын жазбады.
Мәскеу Украинаға Томагавк ракетасы беріледі деген ақпаратты сынап, бұл соғыстағы жағдайды өзгертпейді, бірақ АҚШ пен Ресей арасындағы қарым-қатынасты салқындатады деген. Бірқатар ақпарат құралдары, оның ішінде Financial Times АҚШ НАТО елдерінің көмегімен Украинаға санаулы Томагавк ракеталарын беретінін, бірақ Украинаға оларды пайдалануға рұқсат бермейтінін, Мәскеудің реакциясын бақылайтынын жазған.
Saturday 18 October 2025
azattyq - 6 days ago
Зеленский және Трамп телефонмен сөйлесті


«Нужно что-то придумывать». Кирилл Панюков объяснился за матч «Барыс» — «Ак Барс» и серию буллитов
- sports
17-летняя японская фигуристка с тройным акселем стала чемпионкой первого этапа Гран-при ISU
- nur.kz⁞

Астрофизик из Гарварда допускает: загадочный объект из космоса может быть инопланетным зондом
- ca-news
Уровень углекислого газа в атмосфере достиг самого высокого уровня за всю историю наблюдений
- ca-news
Шли наугад по степи и говорили на арабском: кто эти иностранцы, задержанные на границе Казахстана?
- lada
Пьяное такси: в Казахстане поймали 268 водителей в нетрезвом состоянии и тысячи машин без техосмотра
- lada
Зима без света: Казахстан ждёт исторический дефицит электроэнергии - нехватка может превысить 1 млрд кВт·ч
- lada
В Дубае задержан казахстанец, подозреваемый в заказе убийства топ-менеджера «Lenovo Казахстан»
- lada