Сирияның уақытша президенті Ахмед әш-Шараа Мәскеуге ресми сапармен барып, Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті.
Әш-Шара былтыр жылдың соңында Мәскеудің одақтасы Башар Асад билігін басып алған Сириядағы қарулы оппозиция жетекшілерінің бірі. Ресей әскері Асадқа ереуілшілерді басуға көмектескен, ал әш-Шарааның өзін террорист деп атаған. Алайда Асад билігі құлағаннан кейін Мәскеу Сирияның жаңа билігін мойындаған.
Кремль Путин мен Сирия жетекшісінің кездесуінен видео жариялады. Ресми ақпаратқа қарағанда, Ресей президенті Мәскеу Дамаскімен қарым-қатынаста әрдайым Сирия халқының мүддесін басшылыққа алады және бұл қарым-қатынас әрдайым достық сипатта болғанын еске салған. Әш-Шара өз кезегінде Сирия билігі бұған дейін Ресеймен жасалған келісімдерді құрметтейтінін мәлімдеді.
Осыған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков әңгіме өзге жайттармен қатар Асад билігі тұсында ашылған Сириядағы Ресейдің әскери базасы жөнінде болатынын да растады. Сирияда Ресейдің әскері азайған, алайда Хмеймим мен Тартус портындағы ресейлік базалар жұмыс істеп тұр.
Reuters пен бірқатар араб басылымдарының жазуынша, әш-Шараа Мәскеумен келіссөз кезінде ресми түрде Асадты тапсыруды сұрауы мүмкін. Асад Ресейден саяси баспана алған. Дегенмен бұл жөнінде ресми түрде хабарланбады. Әзірге Путин мен Сирия басшысының арасындағы келіссөздің қорытындысы бойынша ақпарат жоқ.
Ресей 2015 жылы Асад әскері қатарында Сириядағы азаматтық соғысқа араласқан. Ресми түрде мұны Ислам мемлекеті террористік ұйымымен күрес ретінде түсіндірген. Ресейдің әскери ұшақтары Ислам мемлекеті ұйымына қатысы жоқ қарулы топтарға әуеден соққы берген.
Wednesday 15 October 2025
azattyq - 10 hours ago
Путин Кремльде Сирияның жетекшісімен кездесті


Президент Монголии и премьер-министр Моди объявили о новых инициативах в области обороны и развития
- ca-news
Инопланетные пейзажи Мангистау: британские журналисты показали древние земли, скрывавшиеся под океаном
- lada
Малый бизнес Актау под угрозой: новое налоговое законодательство вынуждает предпринимателей уходить с упрощёнки
- lada
Азербайджанская компания заинтересовалась участием в разработке месторождения Дунга в Мангистау
- lada
Продолжает покрываться трещинами и терять облицовку построенный без фундамента дом в Туркестане
- ktk.kz
Банкротство, потеря рабочих мест: к чему может привести попытка «отрезвить» население в Казахстане
- ktk.kz
Не отключая отопление и без инструментов вызволили руку малыша из батареи кокшетауские спасатели
- ktk.kz
Меры борьбы с наркоманией обсуждались на заседании Совета по молодёжной политике при президенте РК
- ktk.kz⁞

В КТЖ-Грузовые перевозки новый председатель: он получил известность после слитого в Сеть видео
- nur.kz
ЕЭК Әзербайжан мен Қытайдан әкелінетін алюминий таспасына демпингке қарсы бажды ұзартты
- sputniknews
«Тогда и будет результат». Кирилл Панюков оценил характер «Барыса» и назвал ключ к победам в КХЛ
- sports