Өскеменде әуе рейстері үш сағаттан 17 сағатқа дейін шегеріліп жатыр. Әуежай кестесі бойынша, басқа қалаларға баратын кемі - 3 рейс, келетін 4 рейстің уақыты ауыстырылды. Мұны әуе компаниялары жолаушыларға ауа райының қолайсыздығымен байланысты деп түсіндірді. Қазгидромет қаланы түтінмен аралас тұман басқанын хабарлаған.
Өскемен халықаралық әуежайының ақпараты бойынша, Air Astana компаниясының сағат 7.35-те Астанаға ұшуға тиіс рейсі түнгі сағат 00.25-ке, SCAT компаниясының 8.40-та Астанаға жоспарланған рейсінің уақыты 20.30-ға, ал Алматыға жоспарланған рейсі сағат 9.30-дан сағат 12.00-ге ауыстырылды.
Өскеменге бармақ болған басқа қалалардағы жолаушылардың сапары да кейінге қалдырылып жатыр. Air Astana-ның сағат 6.20-да Астанадан шығатын рейсі сағат 23.25-ке, SCAT-тың Астанадан 7.30-да шығатын рейсі сағат 11.15-ке жоспарланды. Ал Оңтүстік Аспаны компаниясының Қарағандыдан сағат 21.10-да ұшуға тиіс рейсі белгісіз уақытқа шегерілді.
Қазгидромет мекемесі бүгін, 17 қазанда Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқанын хабарлаған. Мекеменің түсіндіру бойынша, ауа желсіз тынық болып, әуедегі зиянды заттар шөкті және тұман түсті.
Қалада 16 қазанда да қолайсыз метеожағдай болған. Сол күні SCAT компаниясының Астанадан Өскеменге ұшатын рейсі бірнеше сағат кешіктірілген. Ол кезде де компания өкілі мәселені ауа райымен байланыстырды.
Қолайсыз метеожағдай жарияланған күндері қаланы қою түтін басып, айнала анық көрінбейді. Эколог Геннедий Корешков желдің соғуы секундына 1 метр азайса, қолайсыз метеожағдай жарияланады дейді. Оның айтуынша, мұндай күндері сыртта жүруге болмайды. Расымен, Шығыс Қазақстан облыстық экология департаменті де мұндай күндері халықты терезе ашпауға, аулада жүрмеуге, мекемелерді ашық аспан астында қоғамдық іс-шаралар өткізбеуге шақырады. Департаменттің есебіне қарағанда, қалада бір жыл ішінде 100 шақты күн желсіз тымық болады.
Тәуелсіз экологтар қаланың ауа сапасы жыл сайын нашарлап барады деп дабыл қағады. Эколог Дәулет Асанов көмір жағатын жылу электр орталығы мен жеке үйлердің түтіні, түсті металл өңдейтін зауыттардың ауаға шығаратын зиянды заттары және көліктердің түтіні ауаны ластайды дейді. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов биыл өндіріс қалдықтары бес жыл бұрынғыдан 9 пайыз азайды дейді.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде 400 мыңдай халық тұрады. Қазгидрометтің мәліметіне сүйенсек, Өскемен - кейінгі бес жылда ауасы лас болған алты қаланың бірі.
Saturday 18 October 2025
azattyq - 1 days ago
Өскеменде түтін мен тұманға байланысты әуе рейстері кешіктіріліп жатыр


«Нужно что-то придумывать». Кирилл Панюков объяснился за матч «Барыс» — «Ак Барс» и серию буллитов
- sports
17-летняя японская фигуристка с тройным акселем стала чемпионкой первого этапа Гран-при ISU
- nur.kz⁞

Астрофизик из Гарварда допускает: загадочный объект из космоса может быть инопланетным зондом
- ca-news
Уровень углекислого газа в атмосфере достиг самого высокого уровня за всю историю наблюдений
- ca-news
Шли наугад по степи и говорили на арабском: кто эти иностранцы, задержанные на границе Казахстана?
- lada
Пьяное такси: в Казахстане поймали 268 водителей в нетрезвом состоянии и тысячи машин без техосмотра
- lada
Зима без света: Казахстан ждёт исторический дефицит электроэнергии - нехватка может превысить 1 млрд кВт·ч
- lada
В Дубае задержан казахстанец, подозреваемый в заказе убийства топ-менеджера «Lenovo Казахстан»
- lada