Түйін:
Ресейдің ракета шабуылы кезінде Қытайдың тыңшы спутниктері Украинаны бақылап, осылайша Қытай барлау деректерін Ресейге береді деген алаңдаушылықты ұлғайтты.Сарапшылардың болжамынша, Ресейдің ескі спутник инфрақұрылымы мен батыс бөлшектеріне тәуелділігі Қытай көмегіне зәрулікті туындатқан.Қытайдың озық үлгідегі спутник мүмкіндіктері, арасында синтезделген апертура (сапалы сурет түсіруге мүмкіндік беретін тәсіл – ред.) да бар, Ресейді майдан даласынан сапалырақ деректермен қамтамасыз етіп жатқан болуы мүмкін.
Осы айдың басында Украинаның батысындағы Львов қаласының әуе қорғаныс жүйесі ресейлік ракета мен дрондардың түнгі шабуылы кезінде ерекше әбігерге түсті. Украинаның барлау қызметінің дерегіне қарағанда, дәл осы шақта қаланың төбесінен 700 шақырым биіктікте қытайлық тыңшы спутник үнсіз ұшып өткен.
Кремль өз спутниктерін алға тартып, Қытай майдан даласындағы ахуал жөнінде барлау деректерін берді деген ақпаратты терістейді. Алайда сарапшылардың болжамынша, іс жүзінде Ресей Қытайдың көмегіне зәру.
Ресейдің инфрақұрылымы айтарлықтай ескі және шулы дейді АҚШ орталық барлау басқармасының (ЦРУ) ғылым және технология департаментінде 14 жыл қызмет істеген Клейтон Суоп.
Егер Қытай компания немесе үкіметтің мүмкіндіктерінен бірдеңе ұсынса Ресейдің бұл мүмкіндікті жібермейтіні айдан анық дейді Суоп. Ол қазір Вашингтонда шоғырланған стратегиялық және халықаралық зерттеу орталығында (CSIS) істейді.
Қытайдың тыңшы спутниктерінің мүміндіктеріМұндай ақпараттардың құпиялығын ескерсек, қандай да бір мемлекетте қанша тыңшы спутник барын дөп басып айту қиын.
АҚШ барлау басқармасының 2022 жылы жариялаған есебіне қарағанда, Қытайдың барлау, бақылау және әскери бақылау мақсатында пайдаланатын 262 спутнигі бар. Ал Ресейде 32 спутник бар.
Ресей шын мәнінде коммерциялық спутник суреттерін 2022 жылдың сәуірінен бастап еркін нарықтан сатып алып жатыр деді халықаралық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі неміс институтының өкілі Джулиана Суесс Азат Еуропа/Азаттыққа.
Бұл Ресей өздеріне осы нәрсенің керек екенін түсінгенін айғақтайды. Бұл сонымен бірге өздерінің бұл ақауды толтыруға шамасы жетпейтінін де көрсетеді деді ол.
Одан бөлек, сапа жағынан да үлкен айырмашылық бар, ол Ресейдің ескірген спутниктерімен байланысты. Кейбірі совет кезеңінен бері келе жатыр, десе де Украинаға басқыншылық басталғалы бері 2022-24 жылдары ұшырылғандары да бар.
Бірақ ең жаңа деген ресейлік спутниктеріне де соғыс уақытында батыс санкциясы әсер етіп жатыр.
Олардың бөлшектерді қайдан алатындығын ескерсек, мұндайға міндетті түрде тап болады, ресейлік спутниктер бұрыннан бері батыс бөлшектерінен әзірленеді деді Суесс.
Тамыз айында Ресейдің ең ірі ғарыш кемесін жасайтын зауыты елдің ғарыш индустриясы тап болған мәселенің бетін ашты: біз өз-өзімізге өтірік айтуды қою керекпіз деді.
Энергия жетекшісі Игорь Мальцев қаражат жетіспеушілігі, тиімсіз процестер мен мотивацияның жоқтығы жөнінде айтты.
Ресейдің өз мүмкіндіктерін арттырып жатқанын білеміз. Алайда тұтас алғанда Ресейдің Жерді бақылау мүмкіндіктері сол күйі жақсы емес екенін айта аламыз. Ғарыш саласында едәуір артта қалғанды ескерсек, бұл мәселенің ауқымы кеңірек деді Суесс.
Қытай спутниктерінің сапасы, әсіресе синтезделген апертуралық радары (ол мысалы бұлт арасынан да көре алады) Ресейдікінен әлдеқайда озық – ол сапалы суреттер түсіріп, 3D суреттер шығарады.
Қытай деректері саны, сан алуандығы және сапасы жағынан Ресейдің барлау қызметі үшін пайдалы екендігіне күмән жоқ деді Пентагон және Ұлыбритания қорғаныс министрлігіне ғарыш саясаты бойынша кеңес берген Бледдин Боуен Азат Еуропа/Азаттыққа.
Дарем университетінде астросаясат кафедрасының доценті Боуеннің айтуынша, ең басты артықшылық - соғыстағы шығынды дәлірек есептеу.
Егер топ эвакуацияланып, ол жақта ешкім қалмаса және спутник соны көрсе және бұл хабарды осы оқиғадан кейін төрт сағат емес, бір сағаттан кейін хабарласа, бұл сіздің әскеріңіздің жауап беру қабілетін арттырады деді ол.
АҚШ пен Еуропадағы одақтастарынан спутниктік барлау деректерін алатын Украина осы тұста Ресейден басым түсіп отыр. Биыл жыл басында Вашингтон қысқа уақытқа деректерді бермей қойған кезде оның қаншалықты маңызды екені білініп қалған еді.
Бір аптаға созылған шектеу Украинаны алысқа ұшатын дрондармен тиімді соққы жасап, ресейлік стратегиялық жойғыш құралдар мен баллистикалық ракеталардың орын ауысуын бақылау мүмкіндігінен айырған.
Қытайдың көздегені не?Бірақ Қытайдың Ресейге қанша дерек бергені белгісіз күйде қалып отыр. Батыс шенеуніктері әзірге нақты айыптауға бармады.
Қытай Ресейдің Украинадағы соғысының маңызды демеушісі. Қытай сонымен бірге Ресейді соғысуға қажет қос мақсатта пайдаланатын тауарлардың шамамен 80 пайызымен қамтамасыз етеді дейді АҚШ мемлекеттік департаментіндегі дереккөз Азат Еуропа/Азаттыққа.
Екі ел арасындағы әріптестік әлемде тұрақсыздықты ғана тудырып жатыр және АҚШ пен өзге елдердің қауіпсіздігіне кері әсер етіп жатыр деді ол.
Настоящее время арнасына берген сұхбатында Еуроодақтың қорғаныс және ғарыш саласы бойынша комиссары Эндрюс Кубилиус бұл мәселе бойынша нақты жауап берген жоқ.
Суоптың айтуынша, Украинаның төбесінен ұшып, тыңшылық жасады деген Yaogan спутниктері жөнінде мәлімет аз. Олардың үшеуі барлау, бақылау және әскери бақылау құралдарымен жабдықталған.
Менің ойымша, басты мәселе мынадай... олар майдан даласында болып жатқан оқиғалардан стратегиялық, тіпті тактикалық ақпарат бере ме? Немесе бұл жүйелер айталық, зымыранды қалай басқаруға болатындығымен байланысты ма? деді ол.
Оның сөзінше, қытайлық спутниктер соғыстың барысын болжап Пекинде зерттеу мақсатында да жинақтауы мүмкін.
Боуен Қытайдың көздегені әзірге анық емес деген тұжырыммен келіседі.
Бұл мәселеде Ресей мен Қытай арасындағы қатынас қаншалықты тығыз әрі тактикалық екені белгісіз. Себебі олар табиғи одақтас деп айта алмаймыз. Қытай Ресейдің ықпалына тым қатты ұшырағысы келмейді деді Боуен.
Тағы бір маңызды мәселе – ақпаратты қабылдау мен бағалау қабілетінің болуы. Деректерді өңдеу қабілеті осы тұста шешуші рөл атқарады және осыған қатысты Ресейдің шамасы белгісіз.
Батыс әскеріне де осымен санасуға тура келеді деді Суэсс.
Қазір біз сенсорларға толы майдан даласы туралы айтып жатырмыз. Шын мәнінде ең басты шектеуші фактор – деректерді өңдеу. Осы тұста жасанды интеллект іске кіріседі. Дәл осы тұста түскен көп ақпаратты өңдейтін алгоритм іске қосылады деді ол.
Sunday 19 October 2025
azattyq - 19 hours ago
Қытайдың тыңшы спутниктері Ресейдің ғарыш барлау жүйесіне дем бере ме?


«Нам нужно стать чемпионами уже в этом году». Бомбардир «Астаны» озвучил настрой на «Кайрат»
- sports
С 26 октября казахстанцам разрешат ввозить только один автомобиль в год для личного пользования
- lada
Сколько будут стоить услуги нотариуса с 1 января 2026 года в Казахстане: опубликован полный перечень
- lada
К 2050 году каждый пятый житель Казахстана станет пожилым: неожиданные последствия долголетия
- lada
Футболист сборной Казахстана в роли капитана поучаствовал в разгроме в зарубежном чемпионате
- nur.kz
«Хотим забрать „золото“ домой». В «Астане» сделали заявление перед решающим матчем с «Кайратом»
- sports
Кремль: Путин в разговоре с Трампом предостерег президента США от поставок Tomahawk Украине
- ca-news
Остановить Путина разговорами не получится : Зеленский призвал Европу и США усилить давление на Россию
- nur.kz
Знаменитый музей Лувр во Франции ограбили с помощью бензопилы: похищены драгоценности Наполеона
- nur.kz
Дрон шабуылынан кейін Орынбор газ өңдеу зауыты қазақстандық шикізатты қабылдауды уақытша тоқтатты
- azattyq
Хет-трик Месси помог Интер Майами разгромить соперника на финише регулярного чемпионата MLS
- nur.kz
Боимся новых атак : из сериала с участием Рустема Омарова удалили все маты после критики депутата
- nur.kz
Трамп Зеленскийдің Tomahawk зымырандарын жеткізу туралы өтінішіне нақты жауап бермеген
- sputniknews
ЧП в здании суда Астаны: женщина на инвалидной коляске рухнула на землю из-за обрыва троса при подъеме
- nur.kz