Sunday 19 October 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 10 hours ago

WP: Путин Донецк облысына бақылауды талап етеді

Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесу кезінде Киевтен тұтас Донецк облысын беруді талап еткен. Бұл жөнінде екі жоғары лауазымды шенеунікке сүйенген Washington Post жазды. Басылым дереккөзінің айтуынша, Путин орыс әскері Донецк облысына толық бақылау орнатса, Запорожье және Херсон облыстарынан да бас тартуға дайын екенін білдірген. Газеттің жазуынша, жұма күні АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф Донецк облысын Ресейге беру жөнінде украин делегациясына “қысым жасаған”. Путин мен Трамп 16 қазанда телефонмен сөйлескен. Ертесінде Трамп Украина басшысымен кездескен. АҚШ президентінің айтуынша, алдағы екі аптада Будапеште Ресей-Америка президенттерінің саммиті өтпек. Ақ үй де, Кремль де басылымның сұрақтарына жауап бермеген.


Latest News
Hashtags:   

Путин

 | 

Донецк

 | 

облысына

 | 

бақылауды

 | 

талап

 | 

етеді

 | 

Sources