Қырғызстан астанасы – Бішкектің Бірінші май аудандық соты боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволды сырттай қамауға алу жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы 25 қазанда Бішкек қалалық милициясы хабарлады.
Мұндай шешімге Екатерина Биволдың 21 қазанда әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосы себеп болды. Бейнежазбада ол қырғыз бен қазақты қорлайтын сөз айтқан.
Бішкек қалалық ІІБ тергеу қызметі Қырғызстанның Қылмыстық кодексінің 330-бабы —  Нәсілдік, этностық, ұлттық, діни немесе аймақаралық араздық (өзгеше ойлау) туғызу  бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Қырғызстан ішкі істер министрлігінің тұжырымы бойынша, Биволдың сөзінде ксенофобия белгілері бар.
Бірінші май аудандық сотының тергеу судьясы 1990 жылы туған күдікті Екатерина Биволды сырттай қамауға алып, оны Бішкектегі №21 тергеу изоляторына жіберуге шешім қабылдады.
Бұған дейін Қырғызстандағы бес адвокат қоғамға үндеу жасап, Екатерина Биволдың үстінен іс қозғатуға және оның сөзіне құқықтық баға беруге дайын екенін мәлімдеген. Олар Ресейге дейін барып, Биволды жауапқа тартуға күш салатынын айтқан.
Ресей азаматтығы бар Қырғызстан тумасы Екатерина Бивол — жартылай ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі.
				Friday 31 October 2025			
						
		azattyq - 4 days ago 
Қырғыз соты боксшының бұрынғы әйелін сырттай қамау туралы шешім шығарды
 Latest News
 Latest News 
 Суд по делу Bek Air: прокурор попросил признать погибших пилотов виновными в авиакатастрофе
- nur.kz 
 Орал тұрғыны Украинадағы соғыста қаза болды деген қазақстандықтардың тізімінен күйеуінің аты-жөнін көрген
- azattyq 
 Король Великобритании лишил своего брата Эндрю титула принца. Его обвиняли в связях с Эпштейном и сексуализированном насилии
- ca-news 
 Залал - 3,7 млрд теңге: Азаматтарға арналған үкіметтің экс-қызметкері экстрадицияланды
- sputniknews 
 «Если не будет мешать бывшая жена». В Казахстане выбрали победителя трилогии Бивол — Бетербиев
- sports 
 Жанибек Алимханулы официально узнал следующего соперника после боя за три чемпионских титула
- sports
Раньше фиксировали не все : когда камеры с распознаванием лиц и номеров авто установят в Астане
- nur.kz 
 «Нужно что-то выиграть, а не только спасать!». Руслан Юденков рассказал о спасении «Атырау» и своих планах на следующий сезон
- sports 
 У «Кайрата» сработал план Б, но «Астана» была на другом уровне. Топ-5 самых результативных трио КПЛ-2025
- sports Sources
 Sources