Алматыда полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Polisia.kz. Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар , – дейді полиция қызметкерлері. Полиция атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың негізгі мақсаты – мәдени-көрсетілім іс-шарасы кезінде қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы жағдай жасау.
Saturday 1 November 2025
sputniknews - 24 hours ago
