Tuesday 28 October 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 11 hours ago

Өзбекстанда ауыр емес қылмыс жасаған жасөспірімдер сотталған болып саналмайды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев елдің қылмыстық кодексіне түзету енгізетін заңға қол қойды. Жаңа заң бойынша, кәмелетке толмағандар ауыр емес қылмыс жасаса, сотталғандар қатарына жатпайды. Бірақ қайталама қылмыс жасағандарға бұл жеңілдік қолданылмайды. Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған балалар үшін ең төменгі жаза мерзімі алты айдан бір айға дейін қысқарып отыр. Өзбекстан сенаторларының айтуынша, бұл заң жасөспірімдердің кейінгі өмірін жеңілдетіп, олардың әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі. Ресми статистика бойынша, 2024 жылы Өзбекстанда 2214 кәмелетке толмаған адам қылмысқа жауапқа тартылған. Оның ішінде 1238-і қоғам қауіп төндірмейтін қылмыс жасаған, 855-і онша ауыр емес қылмыс жасаған.


Latest News
Hashtags:   

Өзбекстанда

 | 

қылмыс

 | 

жасаған

 | 

жасөспірімдер

 | 

сотталған

 | 

болып

 | 

саналмайды

 | 

Sources