Ресей президенті Владимир Путиннің жақын досы Геннадий Тимченкоға тиесілі саналатын Gunvor мұнай трейдері Батыс санкциясына түскен Лукойл мұнай компаниясының шетелдегі активтерін сатып алатынын мәлімдеді.
Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі екі тарап келісімге келгенін хабарлады. Лукойл басқа сатып алушылармен келіссөз жүргізбеуге және активтерді Gunvor-ға сататынын растауға міндеттелген.
Әңгіме Австрияда тіркелген Lukoil International GmbH компаниясының 100 пайыз акциясы туралы болып отыр. Бұл – Лукойл тобының шетелдегі активтерін басқаратын еншілес компания.
Лукойлдың шетелдегі активтері қандай бағаға сатылатыны белгісіз.
Компанияның Таяу Шығыста, Балқан аймағында, Африкада, Орталық Азия мен Латын Америкасында түрлі активтері бар. Әлемдегі мұнай өндірісінің 2 пайызы Лукойлға тиесілі делінеді.
Украинаға ашқан соғысына жауап ретінде АҚШ 22 қазанда Ресейдің Лукойл мен Роснефть мұнай компанияларына санкция салған. Бұл шектеу компаниялардың еншілес құрылымдарына да қатысты, оның ішінде сату желілері, өндіру және логистикалық бөлімшелері бар.
Мұнай және мұнай өнімдерін саудалауға маманданған Gunvor компаниясын 1997 жылы Геннадий Тимченко мен трейдер Турбьерн Тернквист құрған. Компнияның Ресей, Түркия, Панама, Бельгия және Германияда активтері бар. 2014 жылға дейін Тимченко компания акцияларының 44 пайызын ресми түрде иеленген, бірақ Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін үлесін серіктесіне сатып, ресми түрде бизнестен кеткен.
Алайда зерттеуші журналистер пікірінше, ол компанияны әлі бақылауда ұстап отыр. Мұны Настоящее Время телеарнасы айтты.
Санкциялар енгізілгеннен кейін Тимченкомен байланысты құрылымдар Ресей мұнайын өткізетін трейдерлер іздеумен айналысып жүр. Зерттеу деректеріне қарағанда, Ресейдің көлеңкелі танкер флотында Тимченкоға бағынышты компаниялардың үлесі көп.
Ресейден бөлек Тимченкода Финляндияның да азаматтығы да бар. Бұған дейін АҚШ қаржы министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің де Gunvor бизнесінде үлесі бар екенін мәлімдеген.
Forbes-тің бағалауынша, Тимченко Ресейдегі ең бай адамдар ішінде алтыншы орында тұр.
Лукойл — Қазақстандағы ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Компания Теңізшевройл консорциумында 5 пайыз, Қарашығанақ кен орнында 13,5 пайыз, Қаламқас–Хазар учаскесінде 50 пайыз, Al-Farabi Operating жобасында 49,99 пайыз үлеске иелік етеді. Ресми деректерге қарағанда, ресейлік бұл компания ҚазМұнайГазбен бірге Хвалынское және Орталық кен орындарын дамытуға арналған бірлескен кәсіпорындарда да жұмыс істейді. Қазақстан Лукойл активтерін сатып алу күн тәрбінде тұрмағанын, бірақ бұл мәселе талқыланып жатқанын айтқан.
АҚШ санкциялары 21 қараша күшіне енеді. Содан кейін бұл компаниялармен байланысын үзуі керек.
Saturday 1 November 2025
azattyq - 2 days ago
Путиннің досына тиесілі деген компания Лукойлдың шетелдегі активтерін сатып алады
«Если в атаке худо-бедно что-то получается, то ошибки в обороне просто катастрофичны». Юрий Петухов оценил выездную серию «Барыса» в КХЛ и сделал прогноз на домашнюю
- sportsМинобороны РФ за ночь перехватило 98 украинских дронов. Жуковский остался без электричества
- ca-news⁞
