Saturday 1 November 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 17 hours ago

Европол: Украинада 654 шетелдік соғыс қылмысына күдікті. Олардың арасында Қазақстан азаматтары бар

Европол Украина мен Молдованың ресми органдарына Украинадағы соғыс қылмысына қатысы бар ресейлік жалдамалыларды анықтауға көмектесетінін мәлімдеді. Ал Украина ұлттық полициясы Мститель-2 арнайы операциясы кезінде Ресейдің Вагнер және Редут жекеменшік әскері қатарында соғысқан 654 адамды анықтағанын хабарлады. 654 адамның қатарында Украина, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзебайжан, Армения, Молдова, Босния және Герцеговинаның азаматтары бар. Европол мен Украина полициясының мәліметінше, бұл адамдар зорлық-зомбылық жасау, әскери тұтқындар мен бейбіт тұрғындарды өлтіру сынды соғыс қылмыстарын жасауы мүмкін. Сәрсенбі, 29 қазанда Украина мен Молдова полициясы екі елдің аумағында 70 іздеу шараларын жүргізіп, қару-жарақтар, жарылғыш заттар, әскери киімдер, электронды құраалдарды тәркілеген. Европолдың хабарлауынша, полиция Молдова мен Украина азаматтарының Ресейдің жеке әскери компаниялары сапында Украинадағы және Конго демократиялық республикасындағы соғысқа қатысқанына дәлелдер жинаған. Украина полициясы елдің 11 азаматына мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылып, іс қозғалғанын мәлімдеді. Ал Европол соғыс қылмысына күдікті 280 шетелдіктің есімін тиісті елдерге жібергенін хабарлады. Украина ұлттық полициясы 31 қазандағы мәлімдемесінде биыл қаңтарда АҚШ пен Мексика шекарасында ЧВК Вагнер сапында соғысқан Қазақстан азаматы ұсталғанын жазған. Украина полициясы Европол арқылы АҚШ органдарына қазақстандықтың Вагнер сапында соғысқаны жайлы дәлелдерді жіберген. Кейін АҚШ полицейлері Қазақстан азаматын ұстаған. Ал Вагнер АҚШ-та террорлық ұйым деп танылған. Украина тарабы Қазақстан азаматының есімін атамаған. Бірақ биыл жыл басында Азаттық қазақстандық Тимур Пірәлиевтің Мексика жағынан Рио Гранд өзені арқылы Техасқа қарай заңсыз өтпек болғанда ұсталғанын жазған. Оның қолында қазақстандық және ресейлік төлқұжат болған. Пірәлиев АҚШ-та қамалған. Жауап алу кезінде ол ЧВК Вагнер құрамында соғысқанын мойындаған. 8 қазанда Алматыда Пірәлиевке Шетелдегі қарулы қақтығысқа қатысу бабы бойынша 5 жыл түрмеге кесілді.


Latest News
Hashtags:   

Европол

 | 

Украинада

 | 

шетелдік

 | 

соғыс

 | 

қылмысына

 | 

күдікті

 | 

Олардың

 | 

арасында

 | 

Қазақстан

 | 

азаматтары

 | 

Sources