Monday 3 November 2025
Home      All news      Contact us      RSS      казахский
azattyq - 20 hours ago

Ұлыбританияда пойыздағы шабуылдан 10 адам зардап шекті

Ұлыбританияда пойыздағы шабуылдан кейін он адам ауруханаға жеткізілді, 9-ы ауыр жарақаттанды деп хабарлады BBC ақпарат агенттігі. Шабуыл сенбі күні кешке Донкастерден Лондонға бара жатқан пойызда болған. Полицияға шабуыл жөнінде хабар түскеннен кейін пойыз кестеден тыс Хантингдон станциясына тоқтаған. Полиция екі ер адамды ұстады - олар қамауға алынды. Әзірге қамалғандардың аты-жөні белгісіз және олардың шабуылдау себебі де айтылмайды. Полицияның хабарлауынша, оқиғаның себебіне қатысты болжам айту әзірге ерте . Ұлыбританияның премьер-министрі шабуылды адам шошырлық оқиға деп атады. Зардап шеккендермен біргемін, жедел қызметке жылдам реакциясы үшін алғыс айтамын деп жазды X желісінде. Мемлекеттік статистикаға сүйенген BBC-дің жазуынша, 2011 жылдан бері Ұлыбританияда суық қару қолданған қылмыс саны үздіксіз артып келеді. Қоғамдық орындарда пышақ алып жүргендер 4 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.


Latest News
Hashtags:   

Ұлыбританияда

 | 

пойыздағы

 | 

шабуылдан

 | 

зардап

 | 

шекті

 | 

Sources