Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түрмедегі белсенді Марат Жыланбаевтың аштық жариялағанын растады. Комитеттің ресми жауабын ҚазТАГ жариялады.
13 қазанда үкімге келіспеуіне байланысты ол түрме әкімшілігіне тамақтан бас тартатыны туралы өтініш берді. Дегенмен сотталушы биологиялық белсенді қоспаны, қантты шәй, құрғақ сүтпен какао ішіп жатыр. Бұл бақылау камераларындағы жазбалармен дәлелденген. Оның денсаулығы қанағаттанарлық деп бағаланды. Медициналық қызметкерлердің үнемі бақылауында. Азаматтық сектордың дәрігерінің медициналық көмегінен бас тартқанына назар аудартамыз деп жазылған ресми хабарламада.
Осы апта ортасында адвокат Денис Малюга Марат Жыланбаевтың заңсыз қамалуы және құқықтарының бұзылуына орай аштық жариялағанын хабарлаған еді. Ақпаратқа қарағанда, Жоғарғы сотқа кассациялық шағым дайындалып жатыр. Адвокаттың сөзінше, белсенді хат алу және хат жазу мүмкіндігінен сол күйі айырылып отыр. Түрме аумағында дүкен істемейді, белсендіге түрме аумағындағы спорт алаңында жүгіруге рұқсат бермейді.
Шамамен бір апта бұрын Марат Жыланбаевқа мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи кіріп шыққан. Белсендінің денсаулығы туралы сұраған Азаттық тілшісіне депутат ширақ көрінеді. Көңіл-күйі, түр сипатының бәрі жаман емес деген.Ал белсендінің адвокаты оның бүйрегі төмен түскенін, тұзы көп екенін айтқан.
Жыланбаев Ақмола облысы Степногорскідегі №4 мекемеде қамауда отыр.
Биыл жазда Марат Жыланбаевтың денсаулығы нашарлады деген ақпарат тарааған. Кейін Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі департаменті оның халі мүшкіл деген ақпаратты жоққа шығарған. Жыланбаевқа кіріп шыққан Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы үйлестіру кеңесінің хатшысы Раиса Шер марафоншының суреттерін жариялап, оның халі жақсы, денсаулығына қатысты еш шағымы жоқ. Бұған қоса ол тұрақты түрде спортпен шұғылданады, соның ішінде өзі ұнататын спорт түрі – жүгірумен де айналысады, кітапханаға барып, кітап оқиды деген. Ал адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев белсендінің денсаулығы күрт нашарлады деген сөздерді хайп деп атаған.
Жыланбаевтың ахуалы жайлы дабыл қаққан құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаға 78 мың теңге айыппұл салынған. Оған жалған ақпарат таратты деген айып тағылды.
61 жастағы Марат Жыланбаев – Гиннестің рекордтар кітабына енген жеті рекордтың иегері атанған ультрамарафоншы ретінде көпке танылған. Ол тіркелмеген оппозициялық Алға, Қазақстан! партиясының бастамашыл тобының жетекшісі болған. 2023 жылдың көктемінде белсенді қамауға алынып, оның ісін жабық қараған Астана соты сол жылы қарашада Марат Жыланбаевты экстремистік ұйым ісіне араласты және экстремизмді қаржыландырды деген айып бойынша жеті жылға бостандығынан айырған.Соттың ұйғарымы бойынша Жыланбаев: Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысы экстремистік ұйым деп танылғанын біле тұра Астана қаласы аумағында ҚДТ ұйымының қызметіне белсенді түрде араласып, Мұхтар Әблязов ұйымдастырған заңсыз митингілерге қатысқан. Сонымен қатар, Әблязов пен және оның шетелдегі штабымен байланыс орнатып, олардың Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді көздейтін тапсырмаларын орындаған. 2021 жылы Жыланбаев М.Т. қоғамға қауіпті салдарды түсіне отырып, Әблязовтың тапсырмасын орындап, Астана қаласындағы Республика даңғылында орналасқан ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішке келіп, ҚДТ ұйымының қызметін насихаттаған. 2022-2023 жылдары Жыланбаев М.Т. ҚДТ қызметінің экстремистік сипатын біле тұра, басқа адамдармен сөз байласып, оған ақпараттық, қаржылық және өзге де көмек көрсеткен. Әлеуметтік желіде ұйымды қаржыландыруға және оған қосылуға шақырған . Сот оны қоғамнан оқшаулап қана түзетуге болады деген ұйғарымға келген.Жыланбаев пен оның жақтастары тағылған айыптарды саяси астары бар деп жоққа шығарды.2018 жылы Қазақстан соты ҚДТ қозғалысын экстремистік ұйым деп танып, қызметіне тыйым салған. Ал Еуропарламент 2019 жылы наурызда қабылдаған қарарында ҚДТ-ны бейбіт оппозициялық ұйым деп атаған.Қазақстандық құқық қорғаушылар биліктің саясатын қатты сынайтын Марат Жыланбаевты саяси тұтқындар тізіміне қосқан. Ресми Астана елде саяси тұтқын жоқ, ешкім саяси ой-пікіріне бола қудаланбайды дейді.
Saturday 18 October 2025
azattyq - 10 hours ago
ҚАЖК Жыланбаевтың аштық жариялағанын растады


С нуля до Лиги Чемпионов за десять лет, или Что нужно знать о следующем сопернике «Кайрата»
- sports
Игравший в КПЛ кипрский футболист назвал фаворита матча «Кайрат» — «Пафос» в Лиге Чемпионов
- sports⁞

Шли наугад по степи и говорили на арабском: кто эти иностранцы, задержанные на границе Казахстана?
- lada
Пьяное такси: в Казахстане поймали 268 водителей в нетрезвом состоянии и тысячи машин без техосмотра
- lada
Зима без света: Казахстан ждёт исторический дефицит электроэнергии - нехватка может превысить 1 млрд кВт·ч
- lada
В Дубае задержан казахстанец, подозреваемый в заказе убийства топ-менеджера «Lenovo Казахстан»
- lada
Сельская драма: выродок, школьница и новорождённый. Судьба девочки: мать, отчим, осуждённый жених. «Великие» стройки: кто возводил, кто принимал, кто ответит? Мировой хаос и наши цены: правительство против глобального кризиса.
- ktk.kz
Идеядан жаһандық брендке дейін: Путин RT телеарнасын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады
- sputniknews