Лондонда шоғырланған Стратегиялық диалог институты (The Institute for Strategic Dialogue, ISD) ең танымал төрт чат-бот - ChatGPT, Gemini, Grok және қытайлық DeepSeek Украинадағы соғыс тақырыбы туралы сұрақтарға қалай жауап беретінін зерттеп көрді. Зерттеу бес тілде: ағылшын, испан, француз, неміс және итальян тілдерінде жүргізілген. Оның қорытындысы институттың ресми сайтында жарияланды.
Зерттеушілер чатботтарға бейтарап сұрақ қойған кезде Ресейдің мемлекеттік сайттарының контенті шамамен 11% жағдайда шыққан. Үстірт, біржақты сұрақтар қойылған кезде бұл көрсеткіш 18% болған. Ал манипуляциялық сипаты бар сұрақтар қойылған кезде - 24% жеткен.
Жауаптардың шамамен 20 пайызында ресейлік мемлекеттік дереккөздерге сілтеме жасағанын анықтадық. Көбі Еуроодақтың санкциясына ілінген. Ресейге қатысты біржақты мәселелерді бұл дереккөздер жауаптарына қосқан... Кейбір чат-боттар мемлекетке қатысты контенттерді анықтай алмаған, әсіресе егер оны ақпарат құралы немесе веб-сайт таратса деп жазды зерттеу авторлары.
Олардың сөзінше, деректерге қолжетімділіктің аздығы мұндай сүзгінің ауқымын бағалауға кедергі келтіреді.
Бұл әсіресе OpenAI компаниясының өнімі ChatGPT сияқты құралдар үшін өте маңызды. Еуроодақ аумағында 45 миллионға жуық қолданушысы бар ChatGPT-ді Еурокомиссия жақын арада Цифрлық қызмет туралы заң аясында ірі онлайн іздеу торабы(Very Large Online Search Engine, VLOSE) ретінде танып, жіті бақылауға алайын деп отыр деп жазылған зерттеуде.
Ақпаратқа қарағанда, зерттеушілер бес тілде 300 сұрақты сынақтан өткізіп көрген. Ресейдің пропагандасының сипатына ұқсас мәліметтер ресейлік мемлекеттік БАҚ, Ресейдің арнайы қызметіне қатысы бар сайттардан алынған.
Зерттеу авторларының айтуынша, ChatGPT ресейлік дереккөздерге көп сүйенген және біржақты сұраныстарға келгенде осалдық танытқан .
Grok мемлекетке қатысы жоқ, бірақ Кремльдің нарративтерін күшейтетін ресейшіл дереккөздерді көп пайдаланған. Ал DeepSeek-тің жекелеген жауаптары мемлекетке қатысы бар делінген көп контентті ұсынған. Ал Google-ға тиесілі Gemini мұндай сұраныстардың қауіпсіздігі туралы жиі ескерткен.
Зерттеушілердің пікірінше, чат-бот сервистерін ұсынып жатқан AI компаниялар ертерек қамданып, келетін қауіп-қатерді бағалауы керек. Өздерінің реттеу міндеттемелерін қарастырып, ашықтық пен есептілікті күшейтулері қажет.
The Institute for Strategic Dialogue - 2006 жылы құрылған штаб-пәтері Лондонда шоғырланған институт.
Saturday 1 November 2025
azattyq - 2 days ago
Зерттеу: чат-боттар Украинадағы соғыс бойынша Ресей пропагандасын қайталайды
53-летний Яромир Ягр набрал первый результативный балл в 38-м сезоне в профессиональном хоккее
- nur.kzВСУ сбили более 200 российских беспилотников. Под удар попали предприятия в Черниговской и Полтавской областях
- ca-newsМошенники и рабство: Генпрокуратура обратилась к казахстанцам из-за опасных вакансий в Сети
- nur.kzРаботали под видом такси: полиция заявила о ликвидации ОПГ сутенеров в Костанайской области
- nur.kzПожар на горнолыжном курорте Турции, где погибли 78 человек: 11 фигурантов получили пожизненные сроки
- ca-newsХочу жить жобасы Ресей әскері жағында соғысып, қаза болды деген 143 қырғыз азаматының тізімін жариялады
- azattyq«Сами себя закапываем в яму». Хоккеист «Барыса» высказался о третьем поражении подряд в КХЛ
- sportsВ Узбекистане честно назвали победителя противостояния с Казахстаном в боксе на Азиаде-2025
- sportsХотела помочь семье: в Актау мать 10 детей наказали за то, что ее 17-летняя дочь пошла работать
- lada⁞
